5/50 Миссиясы

5/50 Миссиясы — отбасылық дәрігер тәжірибесінде дәрі-дәрмекпен емдеуге жақсырақ бейілділік пен қысымды бақылауға қол жеткізу үшін популяциялық емдеу стратегияларын енгізудің арқасында артериялық гипертензияны басқаруды жақсарту бағдарламасы.

Бүгін «Миссия 5/50» бағдарламасына қатысатындар

Дәрігер саны

253

Пациент саны

553

Бағдарлама туралы

Дисклеймер: бұл жоба клиникалық зерттеу болып табылмайды және АГ бар пациенттерге дәрілік терапияның тиімділігін, қауіпсіздігін немесе басқа аспектілерін бағалауға арналмаған. Бастаманың мақсаты – пациенттің дәрі-дәрмектерге бейілді болуының (тағайындалған препараттарды жүйелі түрде және уақтылы қабылдау) маңыздылығына және артериялық қысымды бақылау деңгейімен оның өзара байланысына денсаулық сақтау мамандарының назарын аударту болып табылады.

Артериялық гипертензия (АГ) Қазақстандағы және әлемдегі жүрек-қан тамырлары ауруларының және өлім-жітімнің жетекші факторы болып табылады. Осы үнсіз және, өкінішке орай, ең көп таралған жұқпалы емес ауру Қазақстан халқының үштен бір бөлігінде (34,8%) байқалады. Бұл ретте АҚ жоғары пациенттердің 16%-ы ғана препараттар қабылдайды және артериялық қысымды (АҚ)1 бақылауға қол жеткізеді.

АГ кері әсері қоғамдық денсаулық сақтау мен халықтың әл-ауқаты мәселелерінен әлдеқайда асып түседі. Ол денсаулық сақтау жүйесіне елеулі қаржылық жүктеме түсіреді, сондай-ақ пациенттердің ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздығына, еңбек өнімділігінің төмендеуіне және олардың отбасыларының әл-ауқатының төмендеуіне әкеледі.

5/50 Миссиясы
Біздің өршіл мақсаттарымыз
Цель

Біз 2030 жылға қарай АГ бар пациенттердің 50%-ында АҚ бақылауға (130/80 мм. сын. бағ. төмен) қол жеткізуге талпындық және бұл Қазақстанда жүрек-қан тамырлары асқынулары қаупін 58%-ға төмендетуі тиіс.

Цель

АГ бар пациенттердегі
бейілділікті арттыруға
жәрдемдесу.

Цель

Ұсынымдарға сәйкес АГ емдеудің ұсынылған тәсілдемелері бойынша дәрігерлердің хабардарлығын арттыру.

Біз өз миссиямызды орындауды қалай жоспарлап отырмыз?
1
Бірқатар эксклюзивті білім беру кездесулерін өткізу,
онда күрделі гайдлайндар сіздің күнделікті тәжірибеңіз
үшін анық әрі қолданылатын алгоритмдерге «аударылады»,
осылайша гипертензиясы бар пациенттердің өмірін
ұзартуға көмектеседі.
2
Қысымды бақылау деңгейін жыл сайын талдау, бұл емдеу нәтижелерінің динамикасын ұзақ уақыт бойы бақылауға мүмкіндік береді.
Сіздің қадамдарыңыз
1

Сайтта тіркеліп,
чат-ботқа сілтеме алыңыз.

2

Эпидемиологиялық деректерді жинауға
мүмкіндігінше қосылыңыз.

3

Ол үшін бүгін қабылдауыңызға келген артериялық гипертензия диагнозы бар алғашқы 3 пациенттің артериялық қысымын өлшеп, бұл деректерді чат-ботқа енгізіңіз.

*Жоба барысында Сіз пациенттердің кез келген санының деректерін енгізе аласыз, бірақ күніне 3 пациенттен артық емесНұсқаулықты жүктеу
4

Гипертониясы бар пациенттегі қан қысымының көрсеткіштеріне назар аударыңыз. 130/80 мм. сын. бағ. төмен қысымға қол жеткізу үшін емдеу сұлбасына өзгерістер енгізіңіз (жол берілген жерде).

Пациентпен сөйлесіп, оның емделуге бейілділігін арттыру үшін оны емдеу процесіне қатыстырыңыз.
5

Сізді жобаға қатысушы ретінде көрсете отырып, деректердің жетекші медициналық басылымда жариялануын күтіңіз (10-нан астам пациенттің деректері енгізілген жағдайда).

6

Бір жыл бойы чат-ботта бізбен бірге болыңыз — мұнда білім және керемет белсенділік бар!

АГ — артериялық гипертензия

АҚ — артериялық қысым

1. Eur Heart J Suppl. 2025 Mar 29;27 (Suppl 7)

KZ-NPM-037-2026-DIG-KZ